17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі қазақстандық төреші қызмет атқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі қазақстандық төреші қызмет атқарды

29.10.2015
17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі қазақстандық төреші қызмет атқарды

22-27 қазан аралығында Уэльстің Ньюпорт қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші тобының матчтары өтті. Бұл топта алаң иелері Уэльстен бөлек, Албания, Нидерланд және Швейцария құрамалары ойнады.

Бұл турнирге Қазақстаннан екі төреші тағайындалды. Александр Алиев бас төреші қызметін атқарса, Сергей Васютинге бас төрешінің көмекшісі міндеті жүктелді.

Александр Алиев Нидерланд – Уэльс (1:2) және Албания – Нидерланд (0:5) матчтарына төрелік етіп, 7 сары қағаз көрсетті. Сергей Васютин аталған екі ойыннан бөлек, Уэльс – Албания матчында исландиялық рефери Тороддур Яльталинге көмектесті, деп хабарлайды ФФК.

Хабарламаларға жазылу