Қалиқан Ысқақ пьесаны жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша сахналық нұсқасын жасаған. Бұл режиссер Әлімбек Оразбековтің М.Әуезов әлеміне төртінші рет қадам басуы.
Бұған дейін режиссер «Абай», «Айман-Шолпан»,«Қорғансыздың күні» пьесаларын дүниеге әкеліп, бүгінгі күнге дейін көрерменнің сүйікті қойылымдарына айналған.
«Қараш-қараш» әлеуметтік драмасында елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты, ар алдындағы адалдығы көрініс табады.
Драманың тұсаукесері 4-5 қараша күндері сағат 18.30-да өтеді.