Көлігіңіздің дөңгелегін ауыстырып үлгердіңіз бе? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлігіңіздің дөңгелегін ауыстырып үлгердіңіз бе? (ВИДЕО)

26.10.2015
Көлігіңіздің дөңгелегін ауыстырып үлгердіңіз бе? (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілері маусым ауысар сәтте дайындық жұмыстарын бастайды. Олардың қатарында жазғы шинаны қысқыға ауыстыруды жатқызамыз.

Суық мезгілге көлікті баптау – уақыт күттірмейді. Себебі күн күрт суытқанда әбігерге түсіп, уақыт жоғалтасыз.

«Шинаны ауыстыру үшін міндетті түрде қар жауып, ауа температурасының төмендегенін күтудің қажеті жоқ. дөңгелек шығаратын компаниялардың сайтына кіріп қарасаңыз, қысқы маусымға дайындықты +6, +8 градус жылы болғанда кірісе беруге болады», - дейді маман Андрей Мухортов

Назар аударатын жайт - қысқы резеңкелерді маусымына қарай сақтау. Дөңгелекті ешқашан күннің көзі тік түсетін жерге қоюға болмайды.

Себебі кеуіп қалса, қатайып, қолданысқа келмей қалады. Сонымен қатар, қысқы резеңкелерді таңдағанда өңірлік климатты да ескеру қажет.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу