«Егемен Қазақстан» газетінің жанынан ардагерлер кеңесі құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен Қазақстан» газетінің жанынан ардагерлер кеңесі құрылады

30.12.2016
«Егемен Қазақстан» газетінің жанынан ардагерлер кеңесі құрылады

«Егемен Қазақстан» газетінің жанында ардагерлер кеңесі жұмыс істейтін болды. Басылым басшысы Дархан Қыдырәлінің ұсынысын редакцияның қорытынды жиынына қатысқан - басылымда ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарған, бүгінде зейнетке шыққан аға буын өкілдері бір ауыздан қолдады.

Газеттің бүгінгі ұжымымен кездескен Қойшығара Салғара, Сауытбек Әбдірахманов, Төлен Әбдіков, Әділ Дүйсенбек, Жұмагүл Солтиева, Жанат Елшібек және Қайсар Әлім сынды қаламы қарымды ардагер журналистер алдағы жоба-жоспарлармен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Редакцияда дәстүр сабақтастығы жаңашыл үрдістермен сәтті жалғасын тауып жатқанына ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында редакция тарапынан ардагерлерге сый-сияпат жасалды.

egemen.kz

Хабарламаларға жазылу