АҚШ-тың Милуоки қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің алғашқы кезеңі «Skate America» жарысы өтті.
Ерлер арасындағы сайысқа Қазақстан атынан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен бақ сынады. Ол еркін бағдарламада 11-ші, ал қысқа бағдарламада 6-шы нәтиже көрсетті. Осылайша барлығы 201.52 ұпай жинаған Денис жарысты 9-шы орында аяқтады.
Ал, «Skate America» Гран-приін мұз айдынының қожайыны АҚШ спортшысы Макс Аарон (258,95 ұпай). 2-ші орынды 257,43 ұпай жинаған жапониялық Шома Уно иеленсе, 3-ші орынға тағы бір америкалық Джейсон Браун (238,47) тұрақтады.
Еске сала кетейік, бүгін, 25 қазанда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Skate America» Гран-приінің гала-шоуын сағат 00:45-те тікелей эфирде көрсетеді.