Дүниежүзіндегі ең кішкентай адамдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзіндегі ең кішкентай адамдар

25.10.2015
Дүниежүзіндегі ең кішкентай адамдар

Филлипиндік Джунри Балауинг дүниежүзіндегі ең кішкентай адам болып саналады. Оның бойының ұзындығы 59,93 см. Джунри Балауингтің денсаулығы нашар болғандықтан өз еркімен қозғала алмайды. Дәрігерлер Д.Балауингтің  бойының не себепті өспейтіндігіне қатысты себептерді анықтай алмауда. 18 жастағы  филлипиндік жігіттің жағдайы дүниежүзілік қоғамның назарына іліккен.

Ресми мәліметтерге жүгінсек,  әлемдегі ең бойы қысқа адам непалдық 76 жастағы Чандра Бахадур Данги. Оның бойының ұзындығы – 54,6 см. Чандра Бахадур Данги отбасылы болмағанына өкінген. Алайда, оның дүниежүзіне әйгілігі медициналық тексерістер мен кез-келген мемлекетке саяхат жасауға мүмкіндік беріп келген. Чандра көп жылдан бері непалдық дәстүрлі киімдерді жасаумен айналысқан. Гиннестер рекордтар  кітабына кірген непалдық Чандра Бахадур Данги 2015 жылдың  4 қыркүйегінде қайтыс болды.

Хабарламаларға жазылу