Күндізгі ұйқы - данышпандықтың құпиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күндізгі ұйқы - данышпандықтың құпиясы

25.10.2015
Күндізгі ұйқы - данышпандықтың құпиясы

«eLife» журналында Кинг Иглойдың зерттеуі туралы мақала жарияланды.  Зерттеу барысында 90 минуттық күндізгі ұйықының тек денсаулыққа қана емес, сонымен қатар  есте сақтау қабілетіне де  пайдалы екендігі анықталған. Тіптен, аз аралықтағы ұйқы бас миының  мол ақпарат сақтауына  мүмкіндік беретін көрінеді.

Женева университетінің мамандары жүргізген зерттеу кезінде  

қатысушыларды 2 топқа бөліп, 8 жұп картиналар көрсетілген. Мамандар бірінші топ қатысушыларын арнайы демалыс бөлмесіне жіберіп тынығып, ұйықтауға жағдай жасаған. Ал, екінші топ өкілдеріне күнделікті жұмыстарымен айналысуға ұсыныс білдірген.

90 минут өткеннен кейін зерттеушілер 2 топ қатысушыларын жинап көрсетілген картиналардағы бейнені еске түсіруін сұраған. Нәтижесінде, 90 минут тынығып алған топ 15-25 пайыз бейнені сипаттап айта алған. Ал, күнделікті жұмысымен айналысқан топ дұрыс жауап қайтара алмаған.

Сонымен қатар, К.Иглой және оның командасы 3 ай өткеннен кейін қатысушылардан көрсетілген картиналарды еске түсіруін сұрағанда, бірінші топ қатысушылары  екінші топқа қарағанда 5-7 пайыз болсын жауап қайтарған. Зерттеу қорытынды бойынша, 90 минуттық күндізгі ұйқы барысында алынған ақпарат мида өңделіп,  ұзақ уақытқа сақталу мүмкіндігіне ие болады деген тұжырым жасалған.

Қызықты дерек: Жапонияда кейбір компанияларда жұмыс уақытында ұйықтап алуға рұқсат берілген. Компания басшылары ғалымдардың күндізгі ұйқы мидың жұмыс жасау қабілетін арттыру мен қоса есте сақтау қабілетін жақсартады деген тұжырымдарына жүгіне отырып, осы жүйені енгізген.

Хабарламаларға жазылу