Дұрыс жүгіріп жүрсіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дұрыс жүгіріп жүрсіз бе?

25.10.2015
Дұрыс жүгіріп жүрсіз бе?

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адам бұлшық еті сағат 6:30 бен 7:30 аралығында, 11:00 мен 12:00 аралығында және 16:00-18:00 аралығында түрлі жүктемелерге дайын болады.

Бір сағаттан астам баяу жүгіргеннің денсаулыққа пайдасы болмайды. Мұндай жағдайда ағза бұлшық ет массасын жоғалтуы мүмкін.

Артық салмақтан арылу үшін әрі бұлшық ет формасын қалыпты ұстау үшін интервалды жүгіруді қолданған дұрыс. Яғни, 30-40 минут 100 метр жай жүріп, 100 метр баяу жүгіріп, 100 метр қатты жылдамдықмен жүгіру қажет.

Сондай-ақ, арықтағыңыз келсе, жақын арақашықтыққа тез жүгіріп, ұзақ арақашықтыққа баяу жүгіріп, үнемі алмастырып отыру қажет. Секірме – артық салмақ тастау үшін таптырмас құрал. Жүгіру кезінде секірмені де бірге ала шыққаныңыз абзал.

Жүгіру арқылы арықтау - денсаулыққа пайдалы. Ең бастысы – әрдайым жүгіру қажет. 

Хабарламаларға жазылу