Абель Санчес Головкин үшін ең қауіпті қарсыласты атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абель Санчес Головкин үшін ең қауіпті қарсыласты атады

23.10.2015
Абель Санчес Головкин үшін ең қауіпті қарсыласты атады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қарамағындағы спортшы үшін орта салмақта ең қауіпті қарсылас - АҚШ боксшысы Питер Куиллин екенін атап өтті, деп хабарлайды boxingscene.com.

Сұхбаттардың бірінде GGG-ға көп проблема әкеле алатын кім деген сұраққа Абель Санчес кенеттен әлемнің бұрынғы чемпионы Питер Куиллиннің есімін атады.

«Жұдырықтасу стилі жағынан дәл осы Куиллин Головкинге күрделі проблемалар әкелуі мүмкін. Алайда, олардың жекпе-жегінің өткізілуі екіталай. Әрине, бәрі де Питерге байланысты. Бірақ ол тым үлкен гонорар - 5 немесе 10 миллион сұрап отыр. Алайда, оның бір жекпе-жек үшін табысы 500 мың доллардан әзер асқан», - деді Санчес.

Хабарламаларға жазылу