Шымкентте «Парасатты полицей» конкурсы өтіп жатыр. Тәртіп сақшыларының республикалық сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысуда, деп хабарлайды kz.otyrar.kz. Барлығы 100-ден астам құқық қорғаушы бар өнерін салып, өзінің командасының намысын қорғайды.
Инспекторлар бір күнге заңдық қаталдық аясынан шығып, сахнада ән салады, әзіл айтады және би билейді. Бұған қоса қазақ тілін білу де аса маңызды. Олардың өнерін құрамында өнер адамдары бар қазылар алқасы бағаламақ.
«Конкурстың мақсаты халық арасында полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу»,- дейді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.