
Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату тәртібін ұсынады.
Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім мекемелерінде сабақ мынадай жағдайда тоқтатылады:
- 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);
- 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
- 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы -35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
Сабақты тоқтату туралы ақпарат:
Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 06:45-тен 07:00-ге дейін (бірінші ауысым) және 12:15-тен 12:30-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:
- «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған жағдайда «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында, «Алма ТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;
- «Қазақстан» ҰТА, «Хабар», «Еуразия», «Астана», «КТК», «НТК» телеарналарынан дыбысты хабарлама беріледі;
- «Астана» радиосы, «Шалқар», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио» радио толқындарынан дыбысты хабарлама беріледі;
- 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қонырау шалуға болады;
- Астана қаласы әкімдігінің www. astana.gov.kz сайтында ақпарат беріледі;
- Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат жарияланады;
- Ата-аналар балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран және т.б.).
astana.gov.kz
