Алматы әкімі Б.Байбек өзінің жаңа орынбасарын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі Б.Байбек өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

21.10.2015
Алматы әкімі Б.Байбек өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

Өзінің жаңа қызметінде Р.Тауфиков әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдайдың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Румиль Тауфикұлы Тауфиков Қырғыз ССР-і. Бішкек қаласында туылған.

Алматының Абай атындағы мемлекеттік университетін бітірген.

1 сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

1997 жылдан 2000 жылға дейін бизнес құрылымдарда жұмыс істеген.

2000 жылдан 2001 жылға дейін Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» МҚК бас маманы, филиал басқарушысы, Астана қаласы әкімі аппаратының бас маманы - ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімі хаттамасының жетекшісі.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Протоколы басшысының орынбасары.

2009 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының басшысы.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» және «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 

Хабарламаларға жазылу