Андрей Назаров «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Андрей Назаров «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

21.10.2015
Андрей Назаров «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

«Барыс» хоккей клубының қамқорлық кеңесінің шешімімен Андрей Назаров команданың бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Бұл шешім оның өткен маусымда «Барыс» пен хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасында көрсеткен нәтижелеріне негізделген.

Ал, командада бас бапкердің міндетін атқарушы қызметін атқарған Евгений Геннадьевич Корешков аға бапкер ретінде жұмысын жалғастырады.

А.Назаров бүгін Братиславада өтетін «Слован»-«Барыс» ойынына барады деп күтілуде. Астана уақытымен 23:30-да басталатын матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.  

Хабарламаларға жазылу