Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

19.10.2015
Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Евгений Сергеевич Қарағанды облысы Темiртау қаласының тумасы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетiнiң заң факультетiн «халықаралық құқық» мамандығы бойынша, «Болашақ» бағдарламасы аясында Лондон Университетiнiң магистратурасын аяқтаған. Халықаралық коммерциялық құқық магистрi.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастары конгресiнiң менеджерi болып бастады.

2007-2008 жылдары «Есiрткiсiз болашақ» бiрлескен қордың атқарушы директоры болды.

2008-2014 жылдары Қазақстанның ауыл жастары ұйымының төрағасы болды.

2010 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда қызмет еттi. «Агроиздат» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «Полюс-СТ-Евразия» ЖШС директорының орынбасары, «Стилсофт-Астана» ЖШС коммерциялық директоры қызметтерiн атқарды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

2015 жылдың қаңтар айынан шiлдеге Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бас инспекторы болды.

Осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлiмнiң меңгерушiсi қызметiн атқарды.

 

Хабарламаларға жазылу