Отырыс барысында Қазақстан мен Катар мемлекетінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, азаматтық авиация, «Qatar Investment Authority», «Kazakh Infrastructure Fund» кіру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, тараптар биылғы жылдың 25-26 қазанындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған келісімдердің жобаларын талқылады.
Сонымен қатар, Ерболат Досаев Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Аль-Аттыйямен келіссөздер жүргізді.
Кездесу шеңберінде министрлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.