Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» Головкин-Лемье жекпе-жегінің қайталауын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» Головкин-Лемье жекпе-жегінің қайталауын көрсетеді

18.10.2015
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» Головкин-Лемье жекпе-жегінің қайталауын көрсетеді

Бүгін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBF чемпиондық атағын иеленді.

Бұл кездесудің қайталауын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін 13:00 және 19:00-де көрсетеді.

Сонымен қатар, көрермендер жекпе-жектің қайталауын «KAZsport» телеарнасынан 13:10 мен 20:10 қайта тамашалай алады.

Айта кетейік, Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу