Ғалымдар адамдардың ащы кофеге деген құштарлығын зерттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар адамдардың ащы кофеге деген құштарлығын зерттеді

17.10.2015
Ғалымдар адамдардың  ащы кофеге деген құштарлығын зерттеді

Австралиялық ғалымдар ащы кофеге құштар адамдардың психологиясының бұзылғандығын анықтаған. Жаңа зерттеу 500-ге жуық ер және әйел адамдарға жүргізілген. Зерттеу барысында мамандар адамдардың тәтті, ащы, тұзды тағамдарға деген құштарлықтарын бақылаған.

Зерттеуге қатысушылар 4 сауалнама толтырған. Бірінші сауалнамаға қатысушылардың  агрессивтілігі анықталса, екіншісінде-макиавелизм мен нарциссизмге қатысты сұрақтар қойылған. Үшіншісінде адамдардың достық пен саналылыққа,  парасаттылыққа қатысты тесті жүргізілген,  төртіншісінде-садистік бейімділіктері зерттелген.

Зерттеу қорытындысы бойынша, адамдардың  ащы асқа бейімділігі байқалған, әсіресе ащы кофеге. Сонымен қатар, көпшіліктің макиавелизм мен садизм және нарциссизмге бейімділігі анықталған. Ғалымдар осыған дейін   кофенің жүрекке еш зияндылығы жоқ екенін дәлелдеген болатын.

Хабарламаларға жазылу