Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Лемье жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Лемье жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

17.10.2015
Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Лемье жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 18 қазанда Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы канадалық Давид Лемье арасында (34-1, 31 КО) жекпе-жек өтеді.

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жекпе-жекті телеарнаның сайтынан http://kaztv.kaztrk.kz/kz/online  онлайн тамашалауға болады.
Айта кетейік, бұл кеш аясында шаршы алаңға тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев шығады. Оның қарсыласы – мексикалық Азриэль Паес.

Осыған қоса, Головкин-Лемье бокс кеші аясында Луис Ортис - Матиас Ариэль Видондо, Туреано Джонсон - Имон О'Кэйн, Числайн Мадума - Маурис Хукер және кіші Ламонт Роуч - Хосе Бустос арасында жекпе-жектер өтеді.
Ал бұл күннің тағы бір «үлкен» кездесуінде аса жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Роман Гонсалес пен Брайн Вилория қолғап түйістіреді.

Хабарламаларға жазылу