Оңтүстіккореялық «Нысана» драмасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстіккореялық «Нысана» драмасын көріңіз

17.10.2015
Оңтүстіккореялық «Нысана» драмасын көріңіз

Қылмыс әлемінде аты әйгілі Ду Хон түзу жолға түсіп, өз кәсібін ашқысы келеді. Аспаздың оқуын оқи бастайды. Бір күні сабаққа келгенде 20 жасар Се Бин атты сұлу бикешпен танысады.

Екеуі бір-біріне ғашық болып қалады. Бір аптадан соң Ду Хон бұл қыздың өзін өлтіруге жалдаған қылмыскер екендігін біледі. Оқиға осы жерде шиеленісіп, ары қарай қыза түседі.  

«Нысана» драмасын бүгін сағат 15:45-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу