Түркістан қаласы — 1515 жылдығын тойлауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласы — 1515 жылдығын тойлауда

16.10.2015
Түркістан қаласы — 1515 жылдығын тойлауда

16 қазан — Түркістан қаласының туған күні. Тарихи шаһар 1515 жылдығын тойлап жатыр. Төрт қақпалы қала бүгін тағы да шығыс беткейіндегі қақпасын салтанатты түрде ашты.

Мерекеге тарту ретінде екі балабақша ашылып, бүлдіршіндерді қуантты. Жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту үшін екі шаруа қожалығы жұмысын бастады. Сондай-ақ, түркістандықтарды қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт күтіп тұр.

Ғани Рысбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары: «Мерекелік шара Есім хан» алаңында  жалғасын тапты. Оған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері мен жергілікті тұрғындар және шаһардың меймандары жиналды. Қаламызға еңбегі сіңген азаматтарға медальдар мен қаланың «Құрметті азаматы» марапаттарын тапсыру салтанаты өтуде. Мұнда өнерпаздардың концерттік бағдарлама, театрландырылыған көріністертері де ұсынылып жатыр».

Хабарламаларға жазылу