Бас прокуратура «Тіл – тұтастық кепілі» атты ведомствоаралық байқау өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура «Тіл – тұтастық кепілі» атты ведомствоаралық байқау өткізеді

16.10.2015
Бас прокуратура «Тіл – тұтастық кепілі» атты ведомствоаралық байқау өткізеді

Байқауға Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Мемлекеттік күзет қызметі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қорғаныс министрлігінің командалары қатысады. 

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың негізгі мақсаты – халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, сонымен қатар құқық қорғау және басқа да әскери ұйымдардың қызметшілері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау болып табылады.

Шара 20  қазан күні сағат 16:00-де басталады.

Тіркеу 7172225@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу