Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан «Skate Canada Autumn Classic» турнирінің чемпионы атанды (Видео) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан «Skate Canada Autumn Classic» турнирінің чемпионы атанды (Видео)

16.10.2015
Элизабет Тұрсынбаева  мәнерлеп сырғанаудан «Skate Canada Autumn Classic» турнирінің чемпионы атанды (Видео)

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада екінші орын иеленсе, еркін бағдарламада жеңімпаз атанған. Ал, қос бағдарлама нәтижесі бойынша жалпы саны 179,72 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол өзінің карьерасындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Екінші орынды жапониялық Харуке Имаи (174,89 балл), ал, үшінші орынды америкалық спортшы Энджела Ванг (172,36 балл) иеленді.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаеваны канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.

 

Хабарламаларға жазылу