Астанада Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

15.10.2015
Астанада Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Дәстүрлі күзгі жәрмеңке «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары осы жолы Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының үздік тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып ала алады. 

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының фермерлері 1000 тоннаға жуық өнім ұсынады.

Еске салайық, Қазақстан өңірлерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында іске асырылады.

Елорда тұрғындары тауар өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайызға арзанға сатып алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астанада қыркүйек айының басынан бері Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткен болатын. 

Хабарламаларға жазылу