Қызылорда облысы буферлік аймақтан шығуға толық дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы буферлік аймақтан шығуға толық дайын

14.10.2015
Қызылорда облысы буферлік аймақтан шығуға толық дайын

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметтерінің 2011 жылғы 11 наурыздағы шешіміне сәйкес, аусыл індетіне қолайсыз Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттеріне көршілес Қазақстанның 5 облысы буферлік аймаққа жатқызылған болатын.

Осыған қарай, бұл облыстардан еліміздің басқа аймақтары мен Кеден одағына мүше мемлекеттерге аусылға бейім ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың шикі ет өнімдерін шығаруға тиым салынған болатын.

Содан бері облыс аумағын буферлік аймақтан шығару мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.  Биылғы жылдың өзінде аусыл індеті бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, 480 бас малдың қан құрамына лабороториялық зерттеулер жүргізіліп, қуантарлық нәтиже көрсетті.

«Жалпы, буферлік аймақтан шығуға байланысты талаптардың барлығын орындап отырмыз. Енді арнайы рұқсат қағаздың мерзімін күтудеміз», - деді облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов.

 

Хабарламаларға жазылу