Г.Головкин Д.Лемьемен кездесуге сақадай-сай (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Г.Головкин Д.Лемьемен кездесуге сақадай-сай (ФОТО)

14.10.2015
Г.Головкин Д.Лемьемен  кездесуге сақадай-сай (ФОТО)

Бүкіл әлемнің спортсүйер қауымы боксшылар туралы ақпараттарды да тағатсыздана күтуде.  

Естеріңізге сала кетейік, 13-қазан күні Нью-Йорк  уақыты бойынша сағат 11-00-де Генадий Головкин мен Дэвид Лемьенің Сквер Гардендегі ашық жаттығулары өтті. Бүгін міне, осы жаттығулардан көріністерді бейнелейтін суреттер де пайда болды, тіпті бейнематериалдар да бар.

«Суреттегі көріністерге көз жүгіртетін болсақ, жерлесіміз Генадий бабында және ол өзінің жеңетінене әбден сенімді. Чемпион американдық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында кездесудің алдында аздаған қобалжушылық бар екендігін және бұл қалыпты жағдай екендігін айтқан. Дегенмен, ашық жаттығулардағы көріністерден Головкиннің ештеңеден де күмәмданбайтындығын бірден  байқауға болады. Ол өзінің күшіне, дайындығына 100 пайыз сенімді. Жаттығуға чемпионның команда мүшелері де қатысты, жігіттердің жеңіске бел буғандары айқын көрініп тұр. Біздің жерлесімізді UFC чемпионы Ронда Роузи да қолдап отыр. Ол өзнің ең жақсы көретін боксшысымен түскен суретін әлеуметтік желіге орналастырды»,-деп хабарлады кездесудің ресми демеушісі BI Group компаниясының баспасөз қызметі.  

 

     

Хабарламаларға жазылу