Шымкентте нан бағасы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте нан бағасы көтерілді

14.10.2015
Шымкентте нан бағасы көтерілді

Оңтүстік Қазақстанда нан бағасы 3 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін дүкендерде 37 теңгеден сатылған бөлке қазір 40 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ас атасының қымбаттауын шенеуніктер бидайды сатып алу үшін бөлінетін мемлекеттік субсидияның еселеп азайғанымен түсіндіреді.

Өзге аймақтарда нан құны 65 теңгеге дейін көтерілгенде Оңтүстік бөлке бағасын 35 теңгеден ұстап тұрды деген мамандар бұл баға өсіміне амалсыздан барғанын айтуда.

Хабарламаларға жазылу