Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

12.10.2015
Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 13-нен 14-не қараған түні, Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Латвия-Қазақстан матчы өтеді.

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің бас төрешісі болып шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді. 

Хабарламаларға жазылу