Журналистердің қауіпсіздігіне арналған Reporta қосымшасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистердің қауіпсіздігіне арналған Reporta қосымшасы жасалды

11.10.2015
Журналистердің  қауіпсіздігіне арналған Reporta қосымшасы жасалды

Халықаралық Әйелдер қоры (International Women's Media Foundation/IWMF)  бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін қыз-келіншектерге арналған Reporta қосымшасын шығарды. Бұл қосымша бір түйме арқылы төтенше жағдай, қауіп-қатер  жөнінде хабарлама жіберуге  мүмкіндік береді.

Reporta - ұялы телефонға арналған. Қолдануға жеңіл қосымшаны  iPhone және  Android-қа тегін жүктеуге болады. Алайда тек араб, иврит, испан, француз, түрік және ағылшын тіліндегі нұсқасы бар.

Аталған бағдарлама журналиске қандай да бір мәселе туындаған кезде  көмектесе алатын редактор, әріптесі немесе отбасы мүшелеріне хабарласуға  мүмкіндік береді.

Reporta-ның 3 функциясы бар:

  • Тіркелу жүйесінің көмегімен қауіпті аймақта жұмыс істейтін журналистер үнемі өзі туралы ақпарат жіберуіне болады. Мысалы, мекенжайы, кіммен қай жерде көп болатыны, кіммен жиі хабарласатыны туралы. Тіпті хабарламаны аудио, видео және фото түрінде жібере алады.
  • Егер журналиске қатер төніп тұрса, хабарлама негізгі байланысушы тұлғаға жіберіледі.
  • Ұялы телефонның бір түймесі арқылы SOS дабылын жіберуге болады.

IWMF хабарлауынша, Reporta - журналистердің қауіпсіздігіне  арналып жасалған жалғыз  қосымша.

 

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу