Ертеңнен бастап «Біздің ағай» телехикаясы эфирге шығады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап «Біздің ағай» телехикаясы эфирге шығады (ФОТО)

11.10.2015
Ертеңнен бастап «Біздің ағай» телехикаясы эфирге шығады (ФОТО)

Ертеңнен бастап «Біздің ағай» комедиялық телехикаясы эфирге шығады. Туынды зейнетке шыққан ауыл ақсақалы туралы.

Хикаяның бас кейіпкері Жомарт аға - ауылдық мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Өмір бойы сүйікті қызметімен айналысып келген  ақсақал зейнетке шығады.

Мұндай адам үйде тыныш отыра алмайтыны белгілі. Аяқ астынан ауылдастарының ақылшысына айналғанын Жомарт ағаның өзі де байқамай қалады.

Туындының негізі әзіл-оспаққа құрылса да, отансүйгіштік, үлкендерге деген құрмет, Отанға, отбасыға деген махаббат тақырыптары кеңінен насихатталады.

«Біздің ағай» телехикаясын  12 қазаннан бастап, дүйсенбі-жұма аралығында сағат  21:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу