Сарапшылар iPhone 6s смартфонының шынайы бағасын есептеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар iPhone 6s смартфонының шынайы бағасын есептеді

10.10.2015
Сарапшылар iPhone 6s смартфонының шынайы бағасын есептеді

«Bank of America Merrill Lynch» ұйымының мамандары жаңадан шыққан iPhone 6s смартфонының шығайы бағасын анықтады.

Зерттеу нәтижесінде оның барлық құрамдас бөлігінің бағасы 234 АҚШ долларын құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде: жартылай өткізгіш бөліктері – 127 АҚШ доллары (радиомодульдері – 36 доллар, А9 процессоры – 25 доллар, саусақ іздерін тексеретін сканері мен тетіктері – 22 доллар, 64 гегабайтты флеш-жадысы – 20 доллар) тұрса, дисплейі және камерасы мен аккумуляторының құны 73 АҚШ долларын құрайды.

Ал, смартфонның сырты мен қалған бөлігінің бағасы – 33 АҚШ доллары көлемінде.

Хабарламаларға жазылу