Қазақстан армиясы құрамасының қоржыны тағы да екі медальмен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан армиясы құрамасының қоржыны тағы да екі медальмен толықты

08.10.2015
Қазақстан армиясы құрамасының қоржыны тағы да екі медальмен толықты

Халықаралық жарыста қола медальді 61 келі салмақтағы еркін стильдегі балуан, Қазақстанның чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері ефрейтор Елдос Әбікенов пен   серігі кіші сержант Әділет Даулумбаев жеңіп алды.

Харысқа Қазақстан әскерінің атынан қатысып жатқан жерлестеріміз 37 елдің 230 спортшысының арасында мықтылар сапынан танылып, үздікте тұр.

Осы жарыста командамыз барлығы бес медальға (1 күміс және 4 қола) ие болды. Жақында ғана 57 келіге дейінгі салмақта ҚР спорт шебері, әлем чемпионаттарының жүлдегері Владимир Кудрин күміс медаль жеңіп алған болатын. Екі қола жүлдені 74 келі салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы кіші сержант Ғалымжан Үсербаев пен 65 келі салмақта әлем чемпионатының жүлдегері ефрейтор Азат Сақаев иеленді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

VI Бүкіләлемдік жазғы армия ойындары 12 қазанда оңтүстік кореялық Мунгёнде аяқталады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу