Павлодар облысы әкімдігімен Еуразиялық топ миллиард доллардың меморандумына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы әкімдігімен Еуразиялық топ миллиард доллардың меморандумына қол қойды

08.10.2015
Павлодар облысы әкімдігімен Еуразиялық топ  миллиард доллардың меморандумына қол қойды

Павлодарда өткен «Ертіс Инвест – 2015» халықаралық инвестфорумы аясында Еуразиялық топ Павлодар облысы әкімдігімен құны миллиард доллар тұратын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Меморандум қазақстан-қытай үкіметаралық келісім аясында жасалды.

Еске сала кетейік, Елбасы Н. Назарбаевтың Пекинге жасаған сапарында Қытай мемлекеттік банкі мен ERG арасында келісімге қол қойылды. Бұл қаржы институтынан қаржыландырудың 15 жылдың жобасын алған кезде Еуразиялық топ жылына қуаттылығы 140 мың тонна алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауытын сала алады. Бұдан басқа, Ақсу қаласында қосымша өндіріс орнын ашады. Бұл ретте Ақсу электр станциясының № 7, 8 энергоблоктары туралы айтылған. Нәтижесінде электр энергиясына бөлінетін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Павлодар облысында аталмыш жобаны жүзеге асырғанда қосымша 1500 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар форумда Еуразиялық топ пен қазақстандық «УПНК-ПВ» ЖШС арасында қол қойылды.

Мұнай коксын қыздыру құрылғысын іске қосқаннан кейін «ҚЭЗ» АҚ-ның стратегиялық серіктестер қатарына енеді. Анод өндірісі пайдалануға толық берілгеннен кейін кәсіпорынның мұнай коксына деген сұраныс жылына мың тоннаға дейін артты. «УПНК-ПВ» ЖШС-нің өнімдерін пайдалану арқылы Еуразиялық топ оны сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайтуды көздейді. Бұл қазақстандық алюминийдің әлем нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қазіргі таңда «ҚЭЗ» АҚ-ның мұнай коксына деген сұранысын 100 пайыз ресейлік өндірушілер қамтамасыз етуде. «Ертіс Инвест – 2015» халықаралық инвестфорумы аясында жасалған келісімдер Еуразиялық топ жұмысының тұрақтылығын, өңір бюджетіне тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс орындары мен бірнеше мың ұжым үшін әлеуметтік кепілдіктің сақталуын білдіреді», - дейді «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның президенті Арман Есенжолов.

Хабарламаларға жазылу