Ақан Оңғарұлы: Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақан Оңғарұлы: Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды

08.10.2015
Ақан Оңғарұлы:  Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды

Павлодарда хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды. Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болған тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Ақан Оңғарұлы айтты.

«Биыл Сарайшық, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Түркістан сынды қалаларда зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс табысты болды. Соңғы жетістік  –  Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды», - деді Ақан Оңғарұлы.

Сондай-ақ, ол бүгінде зерттелу керек жұмыстарға тоқталды.

«Зерттеуді қажет ететін жұмыстардың бірі – көне түркілік дәуір бойынша қағандық ескерткіштер. Бұл кешендер Моңғолия жерінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарын сол жақтан бастау керек деп есептейміз. Үш апта бұрын Моңғолияның Бұлғын деген аймағына барып қайттық. Онда көне түркілік қаған кешенінде  алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Келесі жылы зерттеуді бастаймыз», - дейді археолог.

Ақан Оңғарұлының сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу