Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

08.10.2015
Балалардың қауіпсіздігіне арналған  «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

Қазақстандық жас өнертапқыштар жасаған GPS трекердің көмегімен баланы онлайн режимде бақылауда ұстауға болады. Бұл құрылғы - «Мангуст» отбасылық қауіпсіз жүйесі деп аталады.  

«Бұл кішкентай құрылғының көмегімен балаңыздың қай жерде екенін анықтай аласыз. Ол өте берік әрі судың астында да жұмыс істейді. Бұл жоба ғылыми-зерттеу кезеңдерінен өтті. Әлемнің кез келген нүктесінен сигналды қабылдайды. Ұялы телефонның қосымшасынан мәліметтерді ала аласыз», - дейді өнертапқыш Евгений Щербатов.

«Technation»  байқауында бұл құрылғы  7 үздік жобаның қатарына қосылды. Басқа жобалардан ерекшелігі – спутниктік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылғының қуаты 20 күнге дейін жетеді.

«Мангуст» жобасы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу