ХКБ-нің Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің Астанаға үшкүндік сапары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХКБ-нің Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің Астанаға үшкүндік сапары аяқталды

07.10.2015
ХКБ-нің Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің Астанаға үшкүндік сапары аяқталды

ХКБ-ның Бас хатшысы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығымен кездесіп, ЭКСПО-2017 аймағында болып, ондағы сәулет-құрылыс жұмыстарының барысын көрді. 

Сондай-ақ кездесу барысында халықаралық көрмеге шет мемлекеттерден азаматтарды тарту, көрменің мән-мағынасы, ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, коммерциялық қызметтер, демеушілерді тарту, операциялық сервистер мен өзге де мәселелер жөніндегі есеп таныстырылды.

Бас хатшы аталғандармен қоса, ЭКСПО-да құрылып жатқан нысандар бойынша жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда ол сәулет-құрылыс жұмыстарының қарқынына көңілі толды.

«Құрылыс мәселесіне келетін болсақ, ол үздіксіз жүріп жатыр. Мен жуырда ғана құрылыс алаңдарында болдым. Ондағы байқағаным, жоба алдын ала бекітілген жоспарға жүргізіліп жатыр, тіпті бірқатар жоспарлар белгіленген межеден бұрын аяқталған», - деді Висенте Лоссерталес осы сапарының қорытындысы бойынша, журналистерге берген сұхбатында.

 

Хабарламаларға жазылу