Астанада «Astana International Auto Salon - 2015» IІI Халықаралық автокөлік көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Astana International Auto Salon - 2015» IІI Халықаралық автокөлік көрмесі өтеді

07.10.2015
Астанада «Astana International Auto Salon - 2015» IІI  Халықаралық автокөлік  көрмесі өтеді

Көрмеде онда уелушілердің назарына Peugeot, JAC, SsangYong, RENAULT, IVECO, Hyundai, ГАЗ, Dena, КАМАЗ, БАРС, СКАУТ тәрізді брендтер мен әлемдік және отандық автокөлік жасау саласында дайындалған көлік құралдары ұсынылады.

Сонымен қатар, онда келушілер көліктердің жаңа қосалқы бөлшектері, автоэлектроника, автонесие және автосақтандыру қызметі сияқты  салалар бойынша да жаңалықтардан қаныға алады. 

Көрме 11 қазанға дейін ұйымдастырылады.  Аталмыш шараны ұйымдастыруға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және  Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы қолдау көрсетеді.  Көрме  ұйымдастырушы - «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы, деп хабарлайды аталмыг компанияның баспасөз қызметі.

Халықаралық Астана автосалоны қоршаған орта үшін ең аз зиян келтіретін инновациялық технологиялард Қазақстанға да енгізу арқылы «жасылдандыру» жұмыстарын жалғастыруда. Бұл әсіресе «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін халықаралық «EXPO-2017» көрмесі қарсаңында өте маңызджы болып отыр. Көрме осы мақсаттан туындаған шаралардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу