«Ертістің» жанкүйерлері қайырымдылық жасау үшін Самат Смақовтың жейдесін бәссаудаға қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертістің» жанкүйерлері қайырымдылық жасау үшін Самат Смақовтың жейдесін бәссаудаға қойды

06.10.2015
«Ертістің» жанкүйерлері қайырымдылық жасау үшін Самат Смақовтың жейдесін бәссаудаға қойды

Павлодарлық «Ертіс» ФК-ның жанкүйерлері Артем Каракулов есімді балаға көмек көрсету мақсатында Самат Смақовтың жейдесін бәссаудаға қойды, деп хабарлайды клубтың баспасөз хатшысы Павел Самойло.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға «Ертіс» клубының жанүйерлер қозғалысының мүшелері мұрындық болған. Жейденің бағасы 15000 теңге және ол 2000 теңгеден бастап көтеріле бермек. - Артем Каракуловқа жәрдем беру үшін жергілікті клубтың жанкүйерлерлі осындай шараны қолға алып отыр. Жанкүйерлердің қолында Смақовтың жейдесі болса, Саматтың да бұл іске бейжай қарамайтынын білдіреді, - дейді П. Самойло.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Павлодар қаласы №21 мектеп ауласында футболдан жастар лигасының турнирі өтеді. Оған қатысатын тоғыз команда мүшелері А. Каракуловқа қол ұшын созуға ниетті.

Еске сала кетсек, бес жасар Артемге бас миына күрделі ота жасалу керек. Операцияның бұл түрі Ресейде жасалады.

Хабарламаларға жазылу