«Таңшолпанда» - домбырашы Мұрагер Сауранбаев (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - домбырашы Мұрагер Сауранбаев (ВИДЕО)

06.10.2015
«Таңшолпанда» - домбырашы Мұрагер Сауранбаев (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында  домбырашы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев қонақ болды.

«Музыкамен кәсіби деңгейде айналысуға уақыт бола бермейді. Жұмыстан шаршап келгенде домбыра тартсаң, шаршағаның басылады. Ал, қуанып келсең, шабытыңды еселейді», - дейді ол.

Сондай-ақ, шетелде іс-сапармен жүрсе де, домбыраны тастамайтынын айтады.

«Жұмысыма байланысты шетелге көп шығамын. Сағынышты басатын, көңіл күйді көтеретін – домбыра. Сондықтан қайда барсам да, домбыраны өзіммен бірге алып кетуге тырысамын», - дейді Мұрагер Сауранбаев.

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу