Бүгін «Көңілашар» бағдарламасы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Көңілашар» бағдарламасы эфирге шығады

05.10.2015
Бүгін «Көңілашар» бағдарламасы эфирге шығады

Байқауға қатысушылар Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастырылған кастинг бойынша іріктеліп алынған.

Сайыскерлер  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінде жеңіс үшін бақ сынасады. Финалға жобаның  бес қатысушысы шығады және олар «Әзіл әлемі» театрының резиденттері атанады.

Сайыс «Актерлік шеберлік», «Импровизация» сынды бірнеше айналымнан тұрады. Қатысушылар «Актерлік шеберлік»  айналымында өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетсе, «Импровизация» айналымында  ойлау қабілеті мен  тапқырлығы сыналады.

Қазылар алқасы құрамында Көңілді тапқырлар клубының жұлдызы – Құмар Лұқманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі – Сайлау Қамиев, сондай-ақ, «Әзіл әлемі» театрының директоры және әртісі – Тұрсынбек Қабатов бар.

«Көңілашар» хабары бүгіннен бастап, дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.35-те эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу