Өтірік айтуға бейімделген балардың ауызша сөйлеу дағдысы қалыптасқандықтан, кез келген мәліметке жадысы бірден жауап қайтарады.
Ғалымдардың зерттеуіне 6 жас шамасындағы 140 бала қатыстырылған. Зерттеу барысында балаларға түрлі карточкалар арқылы сұрақтар қойылып,карточка артында сұрақ жауабы жазылғандығы ескерілген. Бөлмеде жасырын камера орнатылғандықтан, зерттеушілер балаларға сұрақ жауабын қарамауын айтып, бөлмеден шығып бақылау жүргізген.
Алдауға тырысып, сұрақ жауабын қараған балалар жасырын камераға түсірілді. Зерттеушілер бөлмеге орала, балалардан сұрақ жауабын сұрай бастағанда сұрақ жауабын қарап алған балалар дұрыс жауап қайтарған.