Шымкентте «Ақылды қала» жобасы қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Ақылды қала» жобасы қолға алынады

02.10.2015
 Шымкентте «Ақылды қала» жобасы қолға алынады

Қазірі таңда «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы қазақстандықтар әр түрлі 578 қызмет түрін пайдалана алады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы әлеуметтік қызметтер ауқымын кеңейтуді қолға алған.

Компания өкілдері бас қосуда «Ақылды қала» жобасының таныстырылымын жасады.

Руслан Сәтбекұлының мәлімдеуінше, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы 2015 жылдан бастап ашық бюджет, петициялар мен диалогтар секілді бағыттарды дамытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды оңтүстік қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл Қазақстанда «Ашық үкіметтің» дамуына ықпал етеді. Соның аясында «Электрондық үкіметте» әр азамат үшін ашық әрі қолжетімді, баға бере алатын мемлекеттік органдардың жоспарлары мен есептерін жариялау жоспарланған.

«Алдағы уақытта барлық құжаттар пошта, факспен емес, электронды жүйе арқылы хатталып, жіберлетін болады. «Ақылды қала» жобасын қолға алсақ, қалаға қатысты барлық мәліметтер электронды сайтқа жинақталады. Тұрғындар оған өз пікірлерін, қалада орын алған кез келген оқиғаны орналастыра алады. Яғни, қала халықтың бақылауында болады, сыбайластыққа жол берілмейді»,− деді облыс басшысы өз кезегінде.

Сондай-ақ, жиында облыс әкімдігінің ресми сайтының жаңарған үлгісі таныстырылып, басқармалар мен департаменттердің сайттары орталықтандырылатыны айтылды. Компанияның мақсаты – заманауи сервистік, ұйымдық және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік басқарудың сенімді, тиімді, клиентке бағытталған жүйесін құру.

 

Хабарламаларға жазылу