Орталық мемлекеттік органдар арасындағы спартакиадаға 20-дан астам мемлекеттік орган өкілдері қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық мемлекеттік органдар арасындағы спартакиадаға 20-дан астам мемлекеттік орган өкілдері қатысады

30.09.2015
 Орталық мемлекеттік органдар арасындағы спартакиадаға 20-дан астам мемлекеттік орган өкілдері қатысады

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасы Елсияр Қанағатов, спартакиаданың бас төрешісі және ұйымдастырушылар қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2015 жылдың  3-қазан  мен 8-қарашасы аралығында Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың республикалық спартакиадасы өтеді. Спартакиада үстел теннисі, волейбол, жүзу, шағын футбол және бильярд сияқты спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.

Шараның мақсаты –мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы, салауатты өмір салтын насихаттау. Спартакиада Астана қаласының заманауи спорт ғимараттарында өтеді. Олар: «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Астана Арена» стадионы. Спартакиадаға 20-дан аса мемлекеттік органдардың қызметшілері қатысады деп жоспарланған.

Шараның салтанатты ашылуы 3 қазан күні сағат 10.00-де «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-13-82,87029998736,8-778-999-15-83 телефон нөмерлеріне хабарласып, алуға болады.

Хабарламаларға жазылу