«ҚазМедиа орталығында» IV республикалық «MEDIA EXPO-2017» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазМедиа орталығында» IV республикалық «MEDIA EXPO-2017» көрмесі өтті

30.09.2015
 «ҚазМедиа орталығында»  IV республикалық «MEDIA EXPO-2017» көрмесі өтті

Көрменің мақсаты – ақпараттық қоғам орнықтыруға жағдай жасап, отандық ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестікті дамыту.

Аталмыш шараның өзге емес, «ҚазМедиа Орталығында» ұймдастырылуының да жөні бар. «Қазмедиа Орталығы» «Media Expo-2015» көрмесінің стратегиялық əріптесі.

Оның үстіне мұндай кең ауқымдағы шараның жүзеге асырылуы маңызы зор оқиға деуге болады. Өйткені, осында жиналған ақпарат саласының мамандары, өзара тәжірибе алмасып, осы салада қалыптасып отырған мәселелер төңірегінде пікір алмасып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, көрмеге жиналған елдегі белді ақпарат құралдарының өкілдері бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жаңалықтарымен және жетістіктерімен бөліседі.   

Осыған қарай, көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚазМедиа Орталығы»  компаниясының бас директоры Мірболат Аюпов: «Көрменің өтуі - перспективаға жол ашып отыр, оның ғимаратта өтуі дəстүрге айналды десек болады. Шараның тағы бір маңызды тұсы - бүгін телеарналар өзара тəжірибе алмасып, өзге де БАҚ өкілдері жаңалықтарын жария етіп жатыр. Көрме жұмысы жемісті болсын»,-деген тілегін білдірді.

Биылғы көрменің ерекшелігі - оған  телеарналармен қатар, алғаш рет продакшн компаниялар мен студиялар да қатысуда.

Көрмені ұйымдастырушылардың бірі «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай бұл мәселеге қатысты: «Биыл алғаш рет көрмеге продакшн студияларды да шақырдық. Алайда, олар тарапынан қызығушылық өте жоғары деп айта алмаймын. Бірақ, менің ойымша, уақыт өте келе продакшн студиялар да  осындай көрмелердің қажеттігін түсінеді», - деп атап өтті.

 

Хабарламаларға жазылу