«Астана» – «Галатасарай» матчының көрермендері үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» – «Галатасарай» матчының көрермендері үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады

29.09.2015
«Астана» – «Галатасарай» матчының көрермендері үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, сағат 19:00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін  Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер қозғалысы шектеледі.

Көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Сағат 19:00-де Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионы, «Қазақстан» спорт сарайы,  «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк және Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдайды.

Жол жүру құны – 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға – 40 теңге.  Аталған автобустарда жол жүру билеті жарамсыз. Сондай-ақ, «Астана-Арена» стадионына №10, 12, 27, 40, 43, 51 қоғамдық көліктерімен қатынауға болады.

Сонымен қатар, көрермендер №10, 12, 27, 28, 70, 40, 43, 51, 55 және 61 қоғамдық көліктерімен қайта алады. Аталған маршруттар сағат 01:00-ге дейін қатынайды.

Хабарламаларға жазылу