«Қазақстан» РТРК» АҚ аукцион өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ аукцион өткізеді

29.09.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ аукцион өткізеді

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды.

Аукциондық сауда-саттық 2015 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 11:00-де,  Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 177, 1 қабатта өтеді.

Кепілдік жарна:  3 900 теңге.

Аукционды өткізу әдісі мен шарттары: Ағылшын әдісі бойынша

№ 1 лот DAEWOO Nexia 2005 жылғы автокөлік, мемлекеттік нөмірі - 720AY02.  

Бастапқы бағасы: 168 000  теңге.

№ 2 лот DAEWOO Nexia 2005 жылғы автокөлік, мемлекеттік нөмірі - 725AY02.

Бастапқы бағасы: 168 000  теңге.

№ 3 лот DAEWOO Nexia 2005 жылғы автокөлік, мемлекеттік нөмірі - 764AY02 .

Бастапқы бағасы: 279 000  теңге.

№ 4 лот DAEWOO Nexia 2005 жылғы автокөлік, мемлекеттік нөмірі - 799AY02.

Бастапқы бағасы: 390 000  теңге.

№ 5 лот DAEWOO Nexia 2005 жылғы автокөлік, мемлекеттік нөмірі - 816AY02 .

Бастапқы бағасы: 390 000  теңге.

№ 6 лот DAEWOO Nexia 2005 жылғы автокөлік, мемлекеттік нөмірі - 851AY02.

Бастапқы бағасы: 334 000  теңге.

Аукционды өткізу тәртібі және сауда-саттық  жеңімпаздарын анықтау шарттары.

Ағылшын әдісі бойынша. Аукционшы жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю деңгейін жариялайды. Саудаға қатысушылар нөмірлерін көтеру арқылы сауданың бастапқы бағасын өсіріп отырады, бірақ жарияланған сома ұлғаю деңгейінен кем болмауы тиіс. Аукционшы саудаға қатысушылардың аукциондық нөмірін жариялайды, бағаны бекітеді және оны іліп қоюды ұсынады. Нысанды жекешелендіру бойынша саудалар максималды ұсынылған бағаға дейін жүреді. Жекешелендіру нысанына жоғары баға ұсынған қатысушы аукционшы болып жарияланады. Аукционшы жекешелендірулер нысаны үшін ұсынылған соңғы бағаны үш рет қайталайды және басқа нөмірдің көтерілемеуіне  байланысты балғамен соғу арқылы, осы жекешелендіру нысанының сатылғаны туралы жариялайды.

Егер бастапқы баға кем дегенде екі адаммен ұлғайтылып, жекешелендіру нысанының құны екі деңгейге  өсірілген жағдайда, жекешелендіру нысаны бойынша аукциондық сауда-саттық дұрыс өткен  болып танылады.

Саудаға белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткен жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады.

Бір кепілдік  жарна бір ғана сәйкес лотты сатып алуға құқық береді.

Нысан бойынша сауда-саттық операциясы пайдаланылмаған кепілдік жарнасы бар тіркелген бір қатысушы қалған жағдайда ғана жүзеге аспайды.

Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді өткізу қажет:

1. Ережеге сәйкес,  форма бойынша саудаға қатысу туралы өтініш.

2. Жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаны анықтайтын құжат немесе төлқұжат көшірмесі, кепілдік жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын немесе көшірмесін,  салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне жеке тұлғаның тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі, салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасы болу керек, түпнұсқаларды салыстыру үшін құжат түпнұсқасы немесе аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ банктен ағымдағы шотты растайтын анықтаманың түпнұсқасын және өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты растайтын банктен куәліктің түпнұсқасын. Құжаттың түпнұсқасы салыстырылған соң бір жұмыс сағаты ішінде жеке тұлғаға қайтарылады.

Заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның мөрмен растаған(өзгертулер мен қосымшалар енгізілген) жарғы көшірмесін ұсынады, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу жөнінде куәлігі, бастапқы немесе кепілдік жарнасын растайтын түпнұсқа немесе көшірмесі, салыстыру үшін құжат түпнұсқасы немесе аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ банктен ағымдағы шотты растайтын анықтаманың түпнұсқасы және өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар. Құжаттың түпнұсқасы салыстырылған соң бір жұмыс сағаты ішінде жеке тұлғаға қайтарылады.

3. Кепілдік жарна салынғанын растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері сауда өткізіліп болғаннан соң қатысушының келуі бойынша қайтарылады.

4. Заңды тұлға өкілінің құзыретін растайтын құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ,  заңды тұлға өкілінің жеке басын растайтын  төлқұжат пен жеке куәлігінің көшірмелері салыстырғаннан кейін қайтарылатын түпнұсқаларымен бірге ұсынылады немесе өкілінің жеке басын растайтын  төлқұжат пен жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Акционерлік қоғамдар, иелігіндегі акциялары туралы ақпараттар көрсетілген (хабарлама жарияланған кезге)  акционерлер реестрінен үзінді түпнұсқасын  тапсырады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін және оның қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармаларын ұсынады.

Аукционға қатысу үшін өтініштер ақпараттық хабарлама таратылған сәттен бастап, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 177, 113 бөлме мекен-жайы бойынша қабылданады және аукционның басталуына бір сағат қалғанда аяқталады. 

Кепілдік жарна есеп-шотқа салынады:

 «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы қаласындағы филиалы БИН 111241002043

 KZ 858560000005083688  КБЕ 17, БИК KCJBKZKX, «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қаласындағы филиалы (Кепілдік жарнасын төлеу мөлшеріне банктің көрсетілетін қызметі енгізілмеген).

Аукционды өткізу бойынша қосымша ақпаратты төмендегі телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 3-93-21-52.

Хабарламаларға жазылу