Тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастары және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ерболат Досаев өзара тікелей инвестициялардың өсуінің жағымды тенденциясын атап өтті.
ҚР Ұлттық экономика министрі: «2005 жылдан бастап 2015 жылдың 1 тоқсандығында Қазақстанға 1,8 миллиард доллардан астам түріктің тікелей шетел инвестициялары тартылды. Өз кезегінде Түркияға 970 миллион доллар қазақстандық тікелей шетел инвестициялары бөлінді», - деп хабарлады.
Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат Зейбекджи «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жобаларын іске асыруға, Ақтаудағы теңіз портын қайта жаңғыртуда қатысу тілегін білдірді, сондай-ақ, Түркияның ЕАЭО елдерімен ынтымақтастығын қайта жандандыруды ұсынды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы ағымдағы жылдың 7 ай ішінде 1,2 млрд долларды құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.