Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді

29.09.2015
Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстел аясында «Жас Ұлан» БЖҰ» республикалық қоғамдық бірлестігінің юиылғы оқу жылында жүзеге асыратын жобаларының таныстырылымы болады.

Сондай-ақ, Астана қаласы аудандарының атқарушы хатшыларын сайлау, жұмыс тиімділігін арттырудағы өзекті мәселелерді талқылау қарастырылған.

Тәлімгерлер, ұстаз-ұйымдастырушылар, әдіскерлер және балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілеріне арнайы жаттықтыратын тренингтер өткізіліп, өзге өңір өкілдерімен тәжірбие алмасылады.

Сондай-ақ өз қызметіне жауапты қарап, өте тиімді жұмыс нәтижесін көрсеткен Астана қаласының тәлімгерлері мен ұстаз-ұйымдастырушыларын марапатталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі еліміздің балалар қозғалысын дамытудың негізгі алаңы болып табылады.

Ұйымның мақсаты жас ұрпақтың бойында ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-адамгершілік әлеует, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

 

Хабарламаларға жазылу