Перуде шахта құрылысына деген қарсылық шаралары адам өлімімен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде шахта құрылысына деген қарсылық шаралары адам өлімімен аяқталды

29.09.2015
Перуде шахта құрылысына деген қарсылық шаралары адам өлімімен аяқталды

Перудің Апуримак аймағында құрылысы жүріп жатқан «Лас-Бамбас» шахтасы орналасқан ауданда жергілікті тұрғындар мен полиция арасында болған қақтығыста 15 адам жарақат алып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды жергілікті N телеарнасы.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтерінше, тұрғындар шахтаның қоршаған ортаның тазалығына залал келтіретін болғандықтан, оның құрылысын өзге аймаққа көшіруді талап етіп отыр.  

Тұрғындардың айтуынша, атыс қаруынан бір адам мерт болған.  

Қақтығыс кезінде көз жұмған тағы бірі азамат полиция қызметкері. Құқық қорғау органының өкілдері ереуілшілерге көзден жас шығаратын газ шашқан.   

Перу президенті Ольянта Умала қақтығыс кезінде мерт болған азаматтардың өліміне байланысты көңіл айтты.  

 

Хабарламаларға жазылу