Аслан Сәрінжіпов Павлодар қаласында «Болашақ» түлектерімен өңірлік кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрінжіпов Павлодар қаласында «Болашақ» түлектерімен өңірлік кездесу өткізді

28.09.2015
Аслан Сәрінжіпов Павлодар қаласында «Болашақ»  түлектерімен өңірлік кездесу өткізді

Кездесуде«100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы білімді жаңғырту мәселелері талқыланды.

Диалогқа қатысушылар «Болашақ» бағдарламасының 70 түлегі, жоғары оқу орнының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері болды.

Informal Networking Conference жұмысында отандық білім және ғылымның негізгі даму бағыттары, оның сараптамалық әлеуеттік мүмкіндіктері мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асырудағы «Болашақ» бағдарламасының жаңа ұсыныстары талқыланды.

Кездесуде министр "Болашақтықтардың" қызықтырған сауалдарына жауап беріп, Президенттік стипендия иегерлерінің "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын жүзеге асыру мен ұстаным мазмұнын сақтауда атқаратын қызметіннің маңызын анықтап берді.

Еліміздің солтүстік өңірінде барлығы 360 "Болашақтықтар" еңбек етеді, оның ішінде 153 адам - Павлодар облысының түлектері.

Бұл А.Сәрінжіповтің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен Informal Networking Conference шеңберінде өткен үшінші кездесуі.

Бірінші кездесу 2014 жылғы ақпанда «Назарбаев Университеті», екіншісі 2014 жылғы маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу