«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Павлодар облыстық филиалы (одан әрі - Сатушы) автокөлік құралдарын сату бойынша 2015 жылдың 19 қазан күні сағат 11.00-де мына мекен-жайда аукцион өткізеді: Павлодар қ., Дерибас к., 21.
Автокөліктер голандық әдіс бойынша аукционға қойылады:
Лот № 1 - ВАЗ 2106 -2004 жылы шығарылған, мемномер № S209 VT қозғалтқыш көлемі 1560 см,куб, қозғалтқыш № 21067748598, шанақ № КТК21060040091504, шасси - номері жоқ, бастапқы бағасы – 144 500 (Жүз қырық төрт мың бес жүз) теңге; кепілдік жарна 21675 (Жиырма бір мың алты жүз жетпіс бес ) теңге көлемінде.;
Лот № 2 -ВАЗ – 2106, 2005 жылы шығарылған мемномер № S 854 SE қозғалтқыш көлемі 1500 см, куб, қозғалтқыш № 21067990312, шанақ №ХТК21060050130779, шасси - номері жоқ, бастапқы бағасы – 96700 (Тоқсан алты мың жеті жүз) теңге; кепілдік жарна 14 505 (Он төрт мың бес жүз бес) теңге көлемінде.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін өткізуге қажет құжаттар:
- аукционға қатысуға тапсырыс;
- жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның төлқұжаты немесе жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа мен көшірме), сондай-ақ, ағымдағы шоттың бар екендігі жөнінде банк анықтамасының түпнұсқасы;
заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, сондай-ақ, банк шотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып болған соң заңды тұлғаларға бір жұмыс сағатының ішінде қайтарылады;
- кепілдік жарна төлегені туралы төлем құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, және заңды тұлға өкілдігінің жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжат (түпнұсқа мен көшірме).
Кепілдік жарна «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының есепшотына: БИН 980841004574 ИИК KZ498560000000384007(KZT), Кбе 17 «БанкЦентрКредит» АҚ, БИК KСJBKZKX реквизиттері бойынша немесе қолма-қол ақшамен сатушының кассасына төленеді.
Голандық әдіс бойынша жекешелендірілген нысан ең төменгі бағадан төменге сатылмайды.
Аукционға қойылатын нысан бойынша ақпаратпен мына мекен-жайда танысуға болады: Павлодар қ., Дерибас к., 21, кабинет № 14.
Тапсырыстар қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап, сауданың басталуына бір сағат қалғанша көрсетілген мекен-жайдағы 14-кабинетте жүргізіледі. Анықтамалар үшін телефон: 33-89-71.